Жарияланды: 17.01.2019

Шымкенттің қай көшесінде «пробка» көп?

Халық санымен қатар жыл сайын көлік саны да көбеюде. Былтыр Шымкентте 204 061 автокөлік тіркелсе, биыл олардың саны 215 470-ті құрайды. Былтырдан бері қалада 11 409 автокөлік қосылған. Мұның соңы көшелердегі кептелістерге әкеліп соғуда.

 

Нақты айтқанда кептеліс А.Байтұрсынов кқшесі кептелістен босамайды. Сондай-ақ, алты жолақты Д.Қонаев даңғылы да соңғы әлеттте кептелістен көз ашпай жүр. Таңертеңгісін жұрт жұмысқа асыққан және кешкісін жұмыстан қайтқан уақытта аталған көшелермен жүрмей ақ қойған дұрыс.
Т.Рысқұлов және М.Х.Дулати көшелерінің қиылысында, «Гипер хаус» СО жанында жиі болады. Бұл маңдағы кептелісті азайтып, көлік қозғалысын бақылау үшін арнайы автоэкипаж бен жаяу патруль бөлінген. Тәртіп бұзған азаматтарға полицейлер заңмен бекітілген шара қолданады.
Жыл басынан бері полицейлер осы учаскеде мынадай әкімшілік хаттамалар толтырды:
Көлік құралдарын қою немесе тоқтау ережесін бұзу — 12;
Қауіпсіздік белбеуін тағыну немесе мотошлем кию ережесін сақтамау — 6;
Жол белгілері немесе жолақтармен қарастырылған талаптарды сақтамау (осы бөлімнің басқа баптарында қарастырылған жайттарды есепке алмағанда) — 10;
Жолдың қарсы бағытына шығып кету — 1.
Шымкентте қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қарасты 479 бейнекамера жұмыс істеп тұр. Солардың көмегімен өткен жылы 47 719 түрлі құқық бұзушылық анықталған. «Интегра» жасанды-автоматтандырылған жүйе көлік жүргізушілері тарапынан 705 ереже бұзу фактісін анықтады. Мұндай жүйе қаладағы 21 көше қиылысына қойылған.

1 074 қаралым