Жарияланды: 18.01.2019

Шымкентте биыл 500 қоқыс жәшігі орнатылады

Шымкентте 2018 жылы көшелер мен саябақтарда қоқыс жәшіктерін орнату бағдарламасы бойынша 800 қоқыс жәшігі орнатылды. Олар шаһардың басты 17 көшесі мен аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда, білім беру және медицина мекемелерінде, алаңдарда, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылды. Осы мақсатта бюджеттен 8,6 млн теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Басқарма мамандарының айтуынша, ережеге сай екі қоқыс жәшігінің арасы 50 метрден алшақ болмауы тиіс. Ал адамдар көп жүретін орындарда бір жерде екі қоқыс жәшігі орнатылған. Айта кетейік, жаңа қоқыс жәшіктерінің ауқымы мен биіктігі бұрынғыларына қарағанда үлкенірек. Қар мен жаңбыр жауғанда қалқан болатын қалпақшасы да бар.

 

Ал 2019 жылы шаһар бойынша тағы 500 қоқыс жәшігін орнату  жоспарда бар. Жалпы қала бойынша 3 мыңға жуық қоқыс жәшіктері орнатылған.

1 319 қаралым