Жарияланды: 22.01.2019

Жол ережесін бұзғандарды әшкерелегендерге сыйақы беріле ме?

Қазақстандық полицейлер бұл жобаны қалай іске қосатындарын ойластыруда.
Ереже бұзу сәті түсірілген фото және бейнежазбаларды жібергендерге сыйақы төлене бастағаны жайлы әлеуметтік желі мен WhatsApp арқылы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, — деп мәлімдеді ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің басшысы Алмас Садубаев.

Полицейдің айтуынша, жаңғырту шарасы аясында Ішкі істер министрлігі ереже бұзғандардың фотосуреттері мен видеосын жіберу арқылы сыйақы алуға болатын мобильді қосымшаны қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр екен. Алайда бұл мәселе әлі де талқылануда, сондықтан қосымшаның қашан іске қосылатыны белгісіз. Себебі, қосымшаны әзірлеуден бөлек, заңнама қайта қаралып, нормативті-құқықтық актілерге де тиісті өзгерістер енгізілуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында ҚР ІІМ-нің басшысы Қалмұханбет Қасымов қоғамдық тәртіпті бұзу деректері бойынша ел азаматтарының ақпарат беруіне мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны әзірлеу жоспарланып жатқанын айтқан болатын.
kolesa.kz

1 019 қаралым