Жарияланды: 24.01.2019

Қазақстанға 136 сирек кездесетін кітап табыстады

 

Астана қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы ислам тарихы мен мәдениетіне қатысты 136 академиялық кітапты сыйға тартты. Кітаптар арасында Қазақстан тарихына қатысты сирек құнды басылымдар да бар.

Айта кетсек, өткен жылы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшылығы әлемнің 56 мемлекетімен қарым-қатынас орнатқан Халықаралық
Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығымен келісімге келген болатын. Ынтымақтастық аясында 

орталық қызметкерлері қолжазбаларға анықтама жазу мен каталог жасау, қолжазбаларды қалпына келтіру және химиялық тазарту, араб тіліндегі қолжазбаларды сандық үлгіге көшіру технологиясы бойынша 3 бағытта тегін білім алуы көзделген.
Осы орайда, аталған орталықтың қызметкерлері Стамбул қаласында тәжірибе алмасып жүр.

1 367 қаралым