Жарияланды: 28.01.2019

Отырарда «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» эстрада әншілері байқауы басталды

 

Отырар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау және «Жастар жылы» аясында  «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» аймақтық эстрада әншілері байқауы басталды.
Жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап, жас талант иелерін облыстық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып оларға қолдау көрсету мақсатында
ұйымдастырылған өнер додасының іріктеу сынына 13 ауыл округінен қатысқан 13 үміткер Түркістан облысынан шыққан сазгерлердің әндерін және Қазақстан, Отан, туған жер тақырыбындағы патриоттық әндерді орындады.
Байқауға Отырар аудандық Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі М.Асанов, мәдениет және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.Бөрібаев, мәдениет сарайының музыкалық өңдеушісі Г.Сармырзаевалар төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» аймақтық эстрада әншілері
байқауына Аққұм ауыл округінен Баратов Мұхтар Сапарханұлы , Темір ауыл округінен Орынбай Бекбол Орынбайұлына жолдама берілді.

1 242 қаралым