Жарияланды: 28.01.2019

Қорық – музейге 100 түп көшет сыйға тартты

 

 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласынан Әдіхамхан Исматуллаев пен «Мейірім» қайырымдылық қорының жетекшісі Еркін Сапаров  100 түп тұт ағашын сыйға тартты.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңын көгалдандыруға үлес қосуды мақсат еткен қос азамат көктем мезгілінде 100 түп шабдалы көшетін жеткізетінін уәде етті.
Бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштаған соң қорық-музей қызметкерлерімен бірлесіп тұт көшеттері қондырылды.

1 223 қаралым