Шымкентте дәрігерлер телефон қуаттағышын жұтып қойған алты айлық сәбидің өмірін аман алып қалды
Мамандардың айтуынша, алты айлық сәбидің телефон қуаттағышын жұтып қойғанын ата-анасы байқамай қалған. Тек арада бір апта өтіп, денсаулығы сыр берген соң жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға әкеліпті. №1 клиникалық балалар ауруханасындағы дәрігерлер баланы шұғыл түрде тексеріп, рентгенге түсіру кезінде асқазанында бөгде зат бар екенін анықтаған.
«Біз алты айлық сәбидің асқазасындағы бөгде затты гастраскоптың көмегімен алып шықтық. Баланың асқазанынан шыққан зат телефон зарядкасы екені анықталды. Зарядка жұтып қойған баланы ата анасы бір апта өткеннен кейін ауруханаға әкелген. Алты айлық сәби «хирургия» бөлімінде ем қабылдап шықты» дейді №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігері Әкім Түлкібаев.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың қазіргі жақсы. Өміріне келер қауіп жоқ. Телефон құрылғысын жұтып қойған сәби мен анасы ауруханадан үйіне шығарылған. Сондай-ақ дәрігерлер ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Өйткені қараусыз қалғанның салдарынан балалар түрлі бөгде заттарды жұтып, артты қайғылы жағдайға әкеліп жатады дейді мамандар.