Жарияланды: 31.01.2019

Көлік салығы туралы ескерту SMS арқылы жіберіледі

Жаңа жүйе жылдың соңына дейін іске қосылуға тиіс. Көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтарға арналған пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында жұмыс істей бастады.

Бүгінгі үкімет сағатында ҚР қаржы министрі Алихан Смаилов хабарлағандай, жүйе тексерістен сәтті өткен, салықтың барлық түріне қатысты қарыз жайлы SMS түріндегі ескертулерді осы жылы Қазақстанның өзге де өңірлерінде іске қосу жоспарланып отыр.
Аталған отырыста Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова қазіргі таңда елде салық қарыздары бойынша SMS ескертпе жолданатын мобильді деректер базасы дайындалып жатқанын атап өтті. Онда әлден жеті миллион адам тіркелген.

kolesa.kz

1 330 қаралым