Ұлыбритания тұрғыныДаниэль Харрис Facebook желісінде жеке парақшасында көліктің алдыңғы терезесін қалай мұздан тез тазалауға болатынын көрсетті, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Ол үшін полиэтилен пакет мен ыстық су керек. Пакетке су толтырып әйнекті мұзы ерімейінше әрлі-берлі үйкеу қажет. Лайфхак түсірілген видео бірнеше күнде 2,5 миллионнан аса қаралым, көп лайк пен пікір жинаған. «Неге мұны өзім аңғармадым?», — деп пікір қалдырған қолданушылардың бірі.