Шымкенттің спортшылары «Нұр-Сұлтан» қаласын қолдады

Бұл күндері Тәуелсіз еліміз өте жауапты, тарихи маңызы басым кезеңді бастан өткеруде. Осыдан 20 жыл бұрын Сарыарқаның төсіне Елорданы белгілеп, қадам жасағанда қырын қарап, сынағандар аз болған жоқ! Ал бүгінде сол Елордамыз еліміздің әлемдік деңгейдегі бірегей брендіне айналды.

Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр. Елдегі жасалған әрбір жасампаздық істер тікелей Елбасының қажырлы еңбегімен үндестік тапқаны тарихи шындық.
Сондықтан, Елорданың бүгінгідей дәрежеге жетіп, өзгелерді тамсантқан келбетке ие бас қаланы — жан-тәнімен, ерекше ыждағаттылығымен күшін, жігерін сарп еткен Елбасының есімімен «Нұр-Сұлтан» деп атағанын қолдап қуаттаймыз! Бұл шешімді орынды деп білеміз!
Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне деген құрметпен Шымкент қаласының спортшылары.

26 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*