Жарияланды: 23.03.2019

«Шымкент құс» ЖШС ұжымы: Елорданың Нұр-Сұлтан қаласы деп аталуы еліміздің болашағына жол ашады

Бұл Қазақстан халқының Елбасыға деген ыстық ықыласын білдіреді.

Қазақстанның бүгінгі жетістігін қалың жұртымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады.
Елбасы, Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен еліміз толымды табыстарға жетіп, қуатты елге айналды. Елордамыздың іргесі қаланып, Қазақстан тəуелсіздігінің басты символына айналды.

Қазақ елінің бас қаласында əлемдік діндер съездері тұрақты өткізіліп, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының саммиті өткізілді. Осылардың барлығы Елбасы жүргізген сарабдал саясаттың жемісі деп білеміз.
Бас шаһарымызды Нұр-Сұлтан деп өзгерту арқылы біз ғаламдық деңгейдегі бейбітшіліктің бастамашысы деп танылған Нұрсұлтан Назарбаевты халық жадында мəңгілікке қалдырамыз.
Елордамыз Нұр-Сұлтан əлемді бейбітшілікке бастайтын қала болып мəңгілікке қалмақ.

Ізгі ниетпен, «Шымкент құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы

1 722 қаралым