Жарияланды: 23.03.2019

«Шымкентмай» ЖШС ұжымы: Бас қаламыздың Нұр-Сұлтан болып аталғаны Елбасына деген лайықты құрмет

Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырған кемеңгер тұлға Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың есімі қандай құрметке болса да əбден лайық. Қазақстан жұртшылығы Елбасының ел үшін жасаған ерен еңбегін жоғары бағалайды. Оның басшылығымен Қазақстанымыз гүлденді, биік белестерді бағындырды.

Елбасының дұрыс саясаты арқасында Қазақстан әлемдік өркениетте өзіндік орнын иеленді. Дүниежүзі елдерімен достық пен əріптестікке негізделген қарым-қатынас орнықты.
Елбасымыз мемлекеттік шекараны айқындап, Сарыарқа төрінен арайлы шаһар Елорданы салдырды.
Нұр-Сұлтан қаласы Елбасының туған халқына сіңірген еңбегін мəңгілікке жаңғыртып тұра бермек.
Нұр-Сұлтан қаласы дамып, өркендей берсін!

1 158 қаралым