Нұр-Сұлтан қаласы – мақтанышым

Біз әлемдік саяси кеңістікте қаншама елдің қырғи-қабақ соғысып, мемлекеттің құлдырауына, саяси бұтарланып сынып кетуіне куә болған ұрпақпыз. Жаңа технология ғасыры десек те, саяси қақтығыстар дәуірі белең алған уақыттамыз. Міне, осындай ғаламдық көріністерге көз тіге отырып, алпауыттардың арасында Қазақ елінің теңіздей тығырықтардан дін аман шығып, еңсе тіктеп келе жатқанына шүкірлік етпегенде қайтеміз.

Шынтуайтына келгенде, кейбір елдердің мемлекет басшысын ел ішінен аластатып, халқы арандап қалғанын да көзіміз көрді. Соның ішінде Қазақ елінің абыройы асқақ болды, Жаратқанға тәубе. Сан-сапалақ сындардан сара жол тауып шыға білген біздің Тұңғыш Президентіміздің халқына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Кешегі күні өкілеттілігін өз еркімен тоқтата білуі де асқан сұңғыла саясаткерлік шешім. Халқының маңдайына біткен асыл да, қайраткер тұлғамыз Нұрсұлтан Әбішұлына өзі іргесін бекем қалаған қаланың атын беру өте орынды қадам. Нұрсұлтан Әбішұлының есімі дүние жүзілік тарихта алтын әріптермен жазылатыны шүбәсіз. Сондықтан, ғасырда бір туылатын Тұңғыш Президентіміздің атымен астана атауын Нұрсұлтан деп атауға қолдауымызды білдіреміз.

Шымкент қалалық Жазушылар Одағы

36 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*