Қызылордада өткен қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Қазақстан тарихы пәнінен НЗМ желілік олимпиадасының абсолютті І орын жеңімпазы 10 сынып оқушысы Жүзтан Сымбат қатысты.
Оқушыны Қазақстан тарихынан олимпиадаға дайындап жүрген жетекшісі тарих пәнінің эксперт-мұғалімі Ибраева Алтынай Махатқызы. Жүзтан Сымбат Республикалық олимпиадада өз білімімен тағы да топ жарды.
10 сыныптар арасында Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олипиаданың күміс жүлдесін алды. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.