Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Шымкент қалалық Көрме орталығының ұйымдастыруымен «Көрме орталығы» ғимаратында «Цифрлы Қазақстан» ғылыми-шығармашылық идеялар жәрмеңкесі өтті.
ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының «Жастар жылы» деп жариялауы — «Қазақстандық цифрлық ақыл» жасау — инфрақұрылымды дамыту, экономика салаларын және жастарға мүмкіндік жасау ұсынысы аясында өткен ғылыми-шығармашылық жобалар жәрмеңкесінің мақсаты табысқа жетуге деген мүмкіндікті арттыруға арналған идеяларын қолдау болып табылады.
Жәрмеңкеге қалалық білім беретін мектептердің 5-сынып оқушылары, мұғалімдер мен Бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Іс-шараның ашылу салтанаты қ.Шымкент ХБ НЗМ-нің директоры Касымов Б.М және Шымкент қалалық Көрме орталығының директор орынбасары Насмидинов Г.С құттықтау сөзімен басталды: жоба иелеріне сәттілік тілеп, шығармашылықтары табысты болуына ниеттес екендігін білдірді.
Катысушылар Робототехника, Шектеусіз шығармашылық, Ақпарат, Цифрлы аймақ, Стем, Құрылыс және архитектура секциялары бойынша мектебіміздің оқушылары ұсынған 120-ға жуық жобаларымен танысты. Іс-шара соңы талантты оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.