«Сынып жетекшілерінің мектептегі тәрбие жұмысы жоспарын жасау» тақырыбында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қаладағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.
Семинарға 120 жуық мектеп мұғалімдері қатысты. Мектеп педагог-ұйымдастырушы-кураторлары іс-шара барысында «Кураторлық қызметті тиімді ұйымдастыру», «Қосымша білім берудің ерекшеліктері», «Ата-анамен жұмыс» тиімді ұйымдастыру», «Көшбасшылар форумын ұйымдастыру» атты тақырыптарда баяндамалар оқып, баланың тәрбиесі мен біліміне сынып жетекшілердің ықпалын видео-ролик, топтық жаттығулар арқылы қатысушыларға айқындап берді.
Сондай-ақ, қатысушыларға «НЗМ тәрбие жобаларын енгізудің тиімді жолдары», тақырыбында берілген үй тапсырмасы тыңдалды.
Ғылыми іс-шара соңында, кері байланыс орнатылып, мектеп тренингтері ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.