Жарияланды: 21.05.2019

Халықаралық балалар фестивалінде жеңімпаз атанды

12 мамыр 2019 жылы Түркия Республикасының Стамбул қаласында «Время мечтать» атты III Халықаралық балалар фестивалі өз мәресіне жетті.  «Радужная палитра» деп аталатын бағыт бойынша көркемсурет байқауына Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

 

Атап айтсақ, өнер пәнінен мұғалім-сарапшы Куланова Фариза Акимжанқызының жетекшілігіндегі 11-сынып оқушысы Бегимкулова Аружан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын иллюстрациямен бейнелеп III – орынға ие болса, 7-сынып оқушысы Кемелова Ясмин «Нан Батыр» ертегісіндегі кейіпкерлерді ерекше суреттегені үшін Арнайы Дипломмен марапатталды.
Жалпы, Шымкен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Халықаралық байқауға 8 оқушы қатысып, 2 жүлделі орын, 6 оқушы арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтармен табысталды. Әлемнің 12 мемлекетінен 800 оқушы қатысқан Халықаралық байқау төрт кезеңнен тұрды. Фестиваль барысында 8 бағыт бойынша байқаулар жарияланып, жүлдегерлер анықталды. 

1 528 қаралым