Жарияланды: 21.10.2019

Шымкентте мектеп психологтары арасында   семинар-тренинг өтуде

Жасөспірімдердің психологиясымен дұрыс жұмыс жүргізу. Шымкентте мектеп психологтары арасында   семинар тренинг басталды. Білім ұясындағы мамандарға медицина ғылымының докторы   тәрбиесі қиын оқушалармен жұмыс жүргізудің жолдарын үйретуде.

 Психологтардың  біліктілікті  арттыру арналған семинар Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өтуде. 

Мектеп психологтарына арналған семинар үш күнге жалғасады. Бұл дәрісті медицина ғылымының докторы, психотерапевт дәрігері, медицина психологы Асимов Марат жүргізуде. Білікті маман жасөспірімдердің психологиясы тақырыбында дәріс оқып, жан күйзелісінің пайда болу себептерін атап көрсетті және оның алдын алудағы  білімнің маңыздылығын түсіндірді. 

Семинарды Шымкент қалалық  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған. Шара соңында психолог мұғалімдерге орталық атынан сертификат табысталады.

1 004 қаралым