Жарияланды: 26.11.2019

Зауыттың қала инфрақұрылымын дамытуға септігі мол

Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтар бүгінде қарқынды даму үстінде. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдеп, құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады. Бұл өз кезегінде қала инфрақұрылымын дамытуға тигізіп жатқан пайдасы орасан. Жұмысшылар екі ауысымда жұмыс істейді. Өндіріс орнында 40-тан астам адам еңбек етеді. Нысан басында жатақхана, асхана, тағы басқа да орындар бар. Жұмысшыларға барынша жағдай жасалған. Өндіріс орнында Түркия мен Қытай мемлекеттерінің озық үлгідегі жабдықтары мен техникалары пайдаланылады. Барлық жұмыстар автоматтандырылған.

755 қаралым