Жарияланды: 26.11.2019

Сапалы ауыз суды тәулік бойы пайдаланады

Шымкент қаласы маңындағы елдімекендерді дені сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал Жыланбұзған ауылының тұрғындары сапалы ауыз суды тәулік бойы пайдалануға қол жеткізді.Қала маңындағы ауылдардың дені инфрақұрылыммен толық қамтылған. Ал Жыланбұзған ауылының тұрғындары осы уақытқа дейін су мұнарасының қуаттылығы ауылды тек 4 сағат ауыз сумен қамтуға күші жететін. Су жүйесін қалпына келтіруге 107 млн. теңге қарастырлды. Су беру мұнарасы жаңғыртылғаннан кейін жыланбұзғандықтар 24 сағат бойы ауыз суды қолдануға мұмкіндік алды. Инфрақұрылымдды жаңғырту Маятас ауылындағы су жүйесінде де жүргізілді. Мұнда жөндеуді қажет ететін құрылғылар жаңаланды. Аталған ауылдар бұрын Төлеби ауданының қарамағында болған. Бүгінде Шымкент қаласының құрамына өткеннен кейін инфрақұрылыммен толық қамтылуға қол жеткізіп отыр.

860 қаралым