Жарияланды: 26.11.2019

Шымкенттің жолдары қатаң бақылауда

 «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында қалада мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан «Қорғас-Алматы-Шымкент» автомобиль жолының сапасына және Бадам өзені арқылы өтетін көпірге мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК қалалық филиалымен бірлесе ұйымдастырылды.

Бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп, арнайы аппаратпен оның құрамы мен стандарты сараланып, жолдың ені де назардан тыс қалмады.

Бүгінгі таңда Жоба аясында 10-ға жуық рейдтік шара ұйымдастырылып, 62 бұзушылықтар анықталған, оның 32-і қалпына келтірілген. Шымкенттік жолдардың сапасына бақылау жүргізу жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады. Негізгі инфрақұрылымдық жүйелер әрдайым әкімдік назарында.

959 қаралым