Жарияланды: 26.11.2019

Табиғи газбен қамтылмаған шағынаудан қалмайды

Үшінші мегаполис мәртебесін иеленген Шымкент қаласын инфрақұрылыммен қамту мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұр. Алдағы уақытта  Шымкенттің 99 пайыз тұрғыны табиғи газбен қамтылатын болады. Негізі мұндай жоғары көрсеткішке алдағы жылы қаладағы үшінші АГРС-ті іске қосудың нәтижесінде қол жеткізілмек.

Аталмыш нысан іске қосылғанға дейін табиғи газбен қамтылмаған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 мың м3/сағ газ алуға жеткізуші газ құбырының құрылысы (7,5км) нысаны бойынша жобалық сметалық құжат әзірленуде.

914 қаралым