Жарияланды: 28.11.2019

Бастаманы қолдау бағытында көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда

Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалардың басым көпшілігі бүгінде «Шымкент – қайырымды қала» бастамасын қолдау бағытында көптеген игі шараларды жүзеге асыруда. Жуырда «Бесік жыры – басты жыр» атты жас аналар байқауы Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіледі. Бұл байқаудың қыз-келіншектерге бала тәрбиесінде берер тағылымы мол. Өйткені, ерте кезден-ақ қазақ баласы анасының әлдиі арқылы Бесік жырымен ауызданған. Бесік жырының тарихы тереңнен, сонау бір ықылым заманнан бастау алады.
Діни аңыздарда бесік жырын ең алғаш орындаған Хауа ана деп айтылады. Бірде ол егіз ұлын жұбата алмай, қиналып отырады. Сол кезде көктен жеті періште түсіп: «Алла, Алла, Алла», – деп, Алланың атын әдемі әуезге салып әндетеді. Әдемі әуенге елтіген Хауаның бөбектері жұбанып, тәтті ұйқыға кетеді. Ән анасына да ұнап қалады. Ол періштелерге: Маған да үйретіңдер, – деп өтінеді. Періштелер Хауаға жеті күн бойы әлди әуендерін үйретіпті. Кейін Хауа ана өзінің барлық балаларын сол әнмен тербетуді әдетке айналдырады. Бұл әуез дами келе бесік жырына айналған екен. Қазақтағы «Әлди, әлди, әлди-ай» деп басталатын бесік жырының төркіні Хауа ананың «Алла, Алла, Алла-ай» деген әуеннен шыққан деседі.
Ертеде бесік жырын үйретудің арнайы мектебі болыпты. Бесік жырының мазмұнына, әуезіне қатты мән берілген. Тәжірибелі аналар оның иләһи мазмұндарын таза сақтап, келіндеріне үйретіпті. Бесік жыры жайлы «Алла-наме», «Әлдинаме» деген ескіше жазылған кітаптардың да болғанын айтады. «Аналар әлдисіз жасай алмас» деген нақыл сөз содан қалған дейді

853 қаралым