Жарияланды: 29.11.2019

Білім мекемелері қысқы маусымнан қысылмай шығады

Шымкенттегі білім беру мекемелері жылуды жүйелі алуда. Естеріңізге салар болсақ, қала әкімі Ерлан Айтаханов биылғы жылыту маусымын 25 қазанан бастау туралы өкім шығарған болатын. Осы уақыттан бері білім бесіктері жылуды үзбей алып отыр. Шымкент қаласындағы 247 білім мекемелерінің 121-і орталықтандырылған 126 жеке қазандықпен жылытылады. Орталықтандырылған қазандықтан жылытылатын мектеп пен балабақшалардың барлығында сығымдау жұмыстары жүргізілген, оған бюджеттен 71 млн. теңге қаражат бөлініпті. Ал жеке қазандық үшін қажетті қатты және сұйық отын мектеп пен балабақша қоймасына уақытылы жеткізілген. Мұның барлығы да қала әкімінің ұдайы назарында.

981 қаралым