Жарияланды: 29.11.2019

Шымкентте ана мен бала өлімі төмендеген

Шымкент денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Тимирхан Варзилов қоғамдық кеңес отырысында 10 айдың қорытындысын жасады.2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ана мен бала өлім-жітімінің көрсеткіші 63,6 пайызға, қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 4,6 пайызға, туберкулезден өлім-жітімнің көрсеткіші – 6,6 пайызға төмендеген.

Жалпы өлім – жітімнің көрсеткіші 8,8 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітімнің 4 пайызға, жарақаттан, жазатайым оқиғалардан және уланудан өлім-жітімінің көрсеткіші – 2,4 пайызға артқан.

1 125 қаралым