Жарияланды: 29.11.2019

Ғасырға жуық тарихы бар

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйінде мерекелік кеш өтті. Аталған шара қалалық әкімдік тарапынан ұйымдастырылып отыр.  Іс шараға бөбөктер үйіне қолдау көрсеткен демеушілер мен денсаулық сақтау саласының мамандары арнайы шақырылған.Бұл медициналық орталықта 0 жастан 4 жас аралығындағы 47 бала тәрбиеленіп жатыр. Оның 25-сі ата анасының қамқорлығынсыз қалған болса, қалғандары «Үміт» тобының және жалғыс басты аналардың балалары.Мерекемен құттықтап келген кеш қонақтарына бүлдіршіндер өнер көрсетіп, тәтті қылықтарымен тәнті етті. Балақайлардың өнерін тамашалаған ел ағалары ақ тіліктерін арнап, ата ананың қарауынсыз қалған балғындарға қамқор болып отырған орталықтың қызметкерлеріне алғыс хат бабыс етті.Айта кетейік, биыл мамандандырылған бөбектер үйінің құрылғанына 80 жыл толып отыр. Мерекелік кеште қонақтар орталықтың ұжымын мерейтойымен құттықтап, бір ғасырға жуық тарихы бар медициналық ұйым қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

766 қаралым