Жарияланды: 29.11.2019

Бағдарламаның шарапаты

Шымкентте жыл басынан тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына 23 974 адам жолданған. Мәселен, әлеуметтік жұмыс орындарымен жоспар бойынша 500 адам қамтылу керек болса, 10 айда 480 адамға жолдама берілген. Оның ішінде 202-сі жастар санатындағы азаматтар. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға бір жылдың ішінде 2500 адамды жолдау жоспарланса, қазіргі таңға 2246 азамат қамтылған. Олардың 1304-і жұмыссыз жастар. Аталған шаралардың барлығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының III-ші бағыты негізінде жүзеге асырылған.

886 қаралым