Жарияланды: 30.11.2019

600 метр жылу құбыры алмастырылған

Шымкенттегі Адырбеков көшесін жөндеу үшін  бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған. Мердігерлер бүгінгі таңда сол қаржының 400 млн. тенгесін игердік дейді.

Мұнда алғаш 600 метр жылу құбыры алмастырылған. Енді «Қазақтелекомның» желілері алынуы керек. Осы жұмыстар аяқталса жол жөндеуге міндетті компания биылға жоспарланған жұмысымызды аяқтай аламыз дейді. Жалпы бұл көшенің құрылысы 5 кезеңге бөлінген. Келесі жылы да жалғасады дейді сала мамандары.Сапар Қалқаманов, мердігер компания өкілі: «Біз қазір жолдың жиегін қазып карита жасап жатырмыз. Сонымен биылға жоспарлаған жұмысты аяқтаймыз». Адырбеков көшесінде ердігер мекеме құрылыс аяқталған соң сол ағаштардың орнына көшет отырғызуға міндетті.

740 қаралым