Шымкент қаласының санитарлық тазалығы үшін қала бюджетінен 2 млрд. 498 млн. теңге бөлінген. Одан бөлек жергілікті әкімдіктерге де қомақты қаражат қаралған. Қала тұрғындарын тәртіпке шақыратын абаттандыру қағидасы жылдың соңына дейін әзірленеді. Осылай уәде берген шымкенттік шенеуніктер қазір тиісті құжатты әзірлеп жатырмыз дейді. Бұл Нұр — Сұлтан мен Алматы қалаларының озық үлгісі. Шымкентте де жүзеге асырылса тиімділігі көп дейді жауаптылар.
Жарияланды: 30.11.2019