Шымкент қаласының құрамына кірген елді мекендерді қалаға жақындастыру жұмыстары қайта қолға алынды. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сай енді аудан әкімдері бөлінген қаражаттың басым бөлігін осы елді мекендердің мұқтажына жұмсауы тиіс. Қала халқы атанғандарына аз ғана уақыт өткен тұрғындармен Еңбекші ауданының әкімі кездесу өткізіп күрмеуі көп мәселелерін талқылады.
Шымкент қаласына қосылған 40 елді — мекеннің 16-сы осы Еңбекші ауданында . Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов тұрғындардың коммуналдық мәселелерін шешу жолдарын қарастырып жатқанын айтты.алдағы уақытта аудандағы елдімекендер толықтай инфрақұрылыммен қамтылмақ.