Жарияланды: 30.11.2019

Құрылыс материалдарының сертификаты бар

Қаратау ауданында мемлекеттік — жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жұмыстары аяқталуға таяу. Жоспар бойынша 57 үй ауласы жаңғыртылмақ қажет-тін.

Келісім бойынша кәсіпкерлер 2 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсайды. Атқарылған құрылысқа бір жылдық кепілдік беріліп, инвесторлар 4 жыл бойы нысанды күтіп ұстайды, деп хабарлайды «Отырар». Бағдарлама аясында «Нұрсәт» шағынауданындағы аулаларға заманауи үлгідегі балалар ойын алаңдары салынып, спорттық тренажерлер мен 19 ашық спорт футбол, баскетбол, волейбол алаңшалары орнатылады.Бүгінгі таңда мердігерлер жер жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өз қаражаттарын құрылысқа салған инвесторлар ең бірінші кезекте сапаға мән беретіндіктерін айтты. Олар «Құрылыс материалдарымыздың сертификаты бар және кепілдігіміз тағы бар» деп отыр.Естеріңізге салар болсақ, мемілекетік — жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй аулаларында құрылыс жүргізілген болатын. Енді осы бағдарламаны Абай және Әл Фараби ауданы жалғастырады.

924 қаралым