Жарияланды: 30.11.2019

Қайырымды қала әкімі құттықтады

Жуырда ғана «Қайырымды қала» жобасын бастаған қала әкімі бүгінде біршама игі істерге мұрындық болып отыр. Бүгін қала әкімі барша Шымкент қаласының тұрғындарын құттықтады.
«1 желтоқсан – барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі жалпы халықтық мерекеге айналған күн. Осы күнді Тұғыш Президент күні ретінде таңдалып алуының өзіндік себебі бар. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен еліміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атанғаны белгілі. Содан бері Елбасы, Ұлы Дала төсінде қайта жаңғырған қазақ мемлекетін нығайтып, көк туымыздың биікте желбіреуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы жылдарда Қазақстан өтпелі кезеңнің тоқырауы мен қиындықтарын еңсеріп, дамудың даңғыл жолынан өтті. Экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Осының барлығы Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігінің, сарабдал саясатының жемісі. Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!, — деді мерекелік шарада сөз алған Ерлан Қуанышұлы.

908 қаралым