Жарияланды: 30.11.2019

Қала әкімдігінің назарында болады

Шымкент қалалық әкімдігі жуырда қаладағы 4 аудан бойынша табысын жасырғандардың тұрмысынан түсірілген суреттер жарияланды. Шымкент Қаласы əкімдігінің Ақпараттық Коммуникациялық орталығында өткен жиын барысында 4 аудан бойынша табысын жасырған отбасылар туралы нақты дəлелдер келтірілді. Қала əкімінің орынбасары Ербол Садыр жалпы АӘК алу барысында бұзылған тəртіп мысалдарын атап өтті. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсырған қала тұрғындары еңбек қызметінің табысын азайтып көрсеткен. Жеке кəсіпкерлер кірісін жасырған. Отбасында қосалқы шаруашылығы бола тұра, көрсетпеген. Жұмысқа қабілетті бола тұра, жұмыс берушімен қасақана сөз байласып, айлық табысын уақытша азайтып көрсеткен деректер анықталды. Сондай-ақ, отбасында тұрады деп көрсеткендер мүлде басқа аймақта тұратын болып шықты жəне отбасы мүшесі болып табылмайтын адамдарды да есепке алу жағдайлары белгілі болды. Деректің атап айтуға тиіс тағы бір түрі — учаскелік комиссиялардың АƏК-ке мұқтаждық туралы шешімді өтініш берушінің материалдық жағдайдын барып тексермей, формальді түрде жасағаны болып отыр, — деді Ербол Əбілқайырұлы. Алдағы уақытта бұл мәселе қала әкімдігінің назарында болады.

868 қаралым