Жарияланды: 30.11.2019

Абоненттеу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласына аудандардан енген Тоғыс, Құрсай, Бадамда тұрғын алаптарында 3634 үйге, яғни 14 мың адамға сапалы электр жарығын қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, тағы 4 елдімекенде 9600 адамды құрайтын 241 үйге ауызсу құбырлары тартылып, қазір абоненттеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Парманов мәлімдеді. Биыл 10 айда осы ұңғымадан су ішіп отырған 5 елдімекенді сапалы ауызсумен қамтудың жобалық-сметалық құжаттары əзірленді. 2020 жылдың соңына дейін бұл жоба нəтижесін береді. Сондай-ақ, Шымкенттегі қалған 13 елдімекендегі ауызсу тапшылығы мәселесі 2023 жылы 100% шешімін табады деп жоспарлап отырмыз. Егер су құбырын тарту құрылыстары барысында ешқандай кедергілер туындамаса, жоспар одан да ерте орындалады. Себебі, кейде жер теліміне байланысты сотпен шешілетін мəселелер 5-6 ай уақытты алады, – деді Б.Парманов.

Ақмарал Молдиярқызы

 

830 қаралым