Жарияланды: 30.11.2019

Тазалық басты назарда

Шымкент қаласы әкімдігінің тарапынан апта аралатып тазалық жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Күні кеше қалаға қарасты Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Бейбітшілік көшесінің 2, 2а, 4а үй басқарушылары және тұрғындарымен бірлесе аулада сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікте тазалық жұмыстары жүргізілді. Осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

681 қаралым