Жарияланды: 24.06.2018

Кәсіпорындардың салық түсімі жоғары

Түркістан облысында жыл өткен сайын салық түсімі артып келеді. Мұны сала мамандары мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуымен байланыстырады. Шағын және орта бизнестің қарқыны да қазына байлығын еселеуге септігін тигізуде. Оның ішінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорындардың үлес салмағы қомақты. Ірі өндіріс орындарының алды 10 миллион, тіпті одан да жоғары, ал кемі 5 миллионнан артық, тіпті одан да көп салық төлейтіндері бар. Соның арқасында облыс бойынша мемлекеттік бюджет жоспары артығымен орындалып келеді. Жыл басынан бері отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін сапалы қызмет атқарылған. Жыл сайын республикалық бюджетке 151 миллиард теңге жоспарланса, межеленген межеден артығымен орындалып келеді. Биыл да жоспарланған межеден артығымен орындалады деген үміт басым. Оның үстіне жаңадан ашылып жатқан өнідірс оындары баршылық, индустриалдық аймақтарда пайдалануға берліген өндіріс орындарының да қосар үлесі қомақты болады деген жоспар бар. Салық саласында енгізіліп жатқан жаңа жобалар да бар. Айтулы жобаны сәтті жүзеге асыруда салық саласының да еңбегі орасан. Осының негізінде «Астана-1» ақпараттық жаңа жүйесі енгізілгені белгілі. Бүгінде кеден бекеттерінің 237 қызметкері, 69 ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау қызметкері және 104 кеден өкілі аталған жүйе бойынша жұмыс істеуде.  

1 326 қаралым