Жарияланды: 30.11.2019

400 мың теңгелік гриль аппараты табыс етілді

«Менің кәсібім» республикалық жобасы қала тұрғындарына өз үйлерінде кәсібін ашып бастауға үлкен мүмкіндік беруде. Шымкент қаласы бойынша аталған жобаға 30-дан астам отбасы тіркелген. Солардың бірі -Мадина Тайжанова. Ол төрт баланың анасы. 3 перзенті мүгедек. Жобаға қатысқан оның отбасына құны 400 мың теңгелік чикен, гриль аппараты табыс етілді. Мадина күйеуі екеуі бұған дейін көже, самса пісіріп, көше-көшемен жүріп оларды саудалаған. Жобаның арқасында бұл отбасы енді бір жерде тұрып өз кәсіптерін дөңгелетпек. Мадинаның отбасының қуанышын бөлісуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы қатысып, олардың бастап жатқан кәсібіне сәттілік тіледі.

1 016 қаралым