Жарияланды: 30.11.2019

Кәсіппен айналысу үшін қажетті дүниелер ұсынылуда

Менің кәсібім» Республикалық жобасы қала тұрғындарына өз үйлерінде кәсібін ашып бастауға үлкен мүмкіндік беруде.

Аталған жоба Айжани Нұрланованың бастамасымен, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлының және Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлының қолдауымен жүзеге асуда!

Республика көлемінде «Менің кәсібім» жобасы өз жалғасын тауып жатыр. Жасыратыны жоқ, аталған жоба үйде кәсіппен айналысып, балаларын асыраушыларға мол мүмкіндік беруде. Күні кеше Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңаталап ш/а тұрғыны Меңлікал Абдуллаға жоба өкілдері тарапынан су жаңа тігін машинасы мен оған қажетті құрал жабдықтар сыйға тартылды. Жалпы, Абай ауданы бойынша «Менің кәсібім» жобасына 6 адам өтінім білдірген. Олардың барлығына үйде отырып кәсіппен айналысу үшін қажетті дүниелер ұсынылуда.

845 қаралым