Жарияланды: 30.11.2019

3 жол медициналық-құтқару пункттері жұмыс істейді

 Шымкент қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары қысқы маусымға дайын. Олар – 49 техника және жеке құрамнан 297 адам, оның ішінде «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ – 30 техника және жеке құрамнан 200 адам; жедел-құтқару жасағы – 17 техника және жеке құрамнан 90 адам; медицина апаттар орталығының филиалы – 2 техника және жеке құрамнан 7 адам. Сондай-ақ, Шымкент қаласы аумағынан ұзындығы 34 шақырым республикалық маңызы бар жолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде жол-көлік апаттарында жедел түрде медициналық көмек көрсететін 3 жол медициналық-құтқару пункттері жұмыс жасайды. Ал, қыс мезгілінде көшелерді қардан тазалау және құм себу жұмыстарына 4 мердігер мекемелер «ЛТД Тұрмыс», «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NURTAU servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмылдырылады. Шымкент қаласында қыс мезгілінде көшелерді қардан тазалау және көшелерге құм себу жұмыстарына 151 техника мен 1181 жеке құрам дайындыққа келтірілген. Одан бөлек, көк тайғаққа қарсы инертті материалдардың қоры 19307 м3 – құм, тұз – 1738 тонна құрап отыр. Жалпы қыс мезгілінде 25 бағытта ұзындығы 2976,6 км құрайтын 225 көшеде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында қыс мезгілінде төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты қабылдау үшін 129 жиналу эвакуациялық пункті дайындыққа келтірілген.Шымкент қаласының әкімдігі қысқы маусымда оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ұдайы тексеріс жұмыстарын жүргізіп келеді.

1 099 қаралым