Шымкенттегі А. Байтұрсынов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ұзындығы 3 шақырым 300 метр жолдың құрылысы биылғы жылдың соңына дейін созылады.
А. Байтұрсынов көшесіндегі жол құрылысы қарқынды жүргізілген. Мердігерлер жаяу жүргінші жолдарын қопарып, жол жиегіндегі ирригациялық жүйелерді алмастыруда. Құны 1 млрд. 293 млн. теңгеге бағаланған құрылыс барысында жаяу жүргінші жолы жасалып, көшеге толық асфальт төселеді. А. Байтұрсынов көшесі қаланың қоғамдық көлік пен жаяу жүргіншілердің көп жүретін бөлігі. Сол себепті де көркі атына сай болуы керек. Ал ол қиындықсыз болмайды дейді шенеуніктер. Шаһар басшылары бірінші кезекте жолды тақтайдай тегістеп кейін автотұрақ мәселелерін де қарастырмақ.