Жарияланды: 30.11.2019

Асфальтты жолдың үлесі артқан

Шымкент қаласындағы топырақ жолдардың қатары 10 пайызға кеміген. Сала мамандарының мәлімдеуінше, жыл басынан бері 300 шақырым топырақ жолға шағал тас төселген. Нәтижесінде шаһарда асфальтты жолдың үлесі артқан. Жоспар бойынша жыл соңына дейін әлі 20 шақырым жолға шағал тас төселеді екен.

Қаламызда 425 шақырым топырақ жол бар еді. Биыл 300 шақырымға 320 млн. теңге қаражат бөлініп, тас төселді. Енді 20 шақырым жолға тас төселінеді.

1 167 қаралым