Жарияланды: 30.11.2019

Инфрақұрылымға жауапты мекемелер дер кезінде іс қылады

Шымкентте қолға алған жобалар аяқсыз қалмайды. Осы мақсатта арнайы Жобалық кеңсе жұмыс істейтін болды. Қалада атойлап басталған кейбір жобалар аяқсыз қалып жатады. Болмаса көптеген кедергінің кесірінен мерзімінде үлгермей қалады. Осы мәселені қозғаған шаһар басшысының орынбасары Ербол Садыр жаңа жобаның тиімділігіне тоқталды. Енді әрбір жоба қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Ербол Садыр – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары «Кейбір жобалар басталып аяқсыз қалып кетіп жатады. Кейбір жобалар сапасыз соңына дейін жетеді. Түпкі төркіні көңілдегідей болмай жатады. Біз енді жобалық кеңседе ондай олқылықтарға жол бермейміз». Жобалық кеңсе жұмысы барлық тарапқа тиімді.  Мәселен бір үй  соғылса Жер қатынастары басқармасы, Архитектура қоян қолтық жұмыс жасайды. Қаржы да уақытында бөлініп инфрақұрылымға жауапты мекемелер дер кезінде іс қылады. Бұл үшін арнайы жұмыс кестесі жасалады. Онда жобаның мерзімі мен нақты бітетін күні жазылады. Бұл бастама қаламызды көркейтуге оң ықпал етпек.

 «Жобалық менеджмен» ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында арнайы пән ретінде оқытылады. Осы уақытқа дейін онда 12 мыңнан астам шәкірт білімін жетілдірген. Олардың 93 пайызы мемлекеттік қызметте. Білім ордасы  бұған дейін «Адалдық алаңы», «Рухани жаңғыру»  жобаларына эксперттік сүйемелдеу жасаған.

 

shymkenttv.kz

 

881 қаралым