Жарияланды: 30.11.2019

Инфрақұрылымды дамытуға да септесуде

Инфрақұрылымды дамытуға да септесуде

Шымкент экономиканың өзегі–өндіріс орындарының көптігімен мақтантын халге жетті. Шаһардағы темір бетон өнімдерін шығаратын «DALA-CONSTRUCTION.KZ» кәсіпорны сөзіміздің айғағы. Зауыт Ел нарығын жүз пайыз қамтып отыр. Негізінен отандық шикізатқа иек артқан зауыт өнімдері  ел аумағымен қатар, көршілес Қырғыз еліне де тарап жатыр. Қуатты өндіріс орнында 200-ден астам жұмысшы екі ауысымда еңбек етеді. Жобаның жалпы құны – 870 млн. теңге.Зауыт құрылысқа қажетті электр бағаналары мен плиталар, фундаменттік бетондардың 100-ге жуық түрін шығарады. Жақында кәсіпорын темір есік шығаратын цехты іске қосты. Сапалы әрі көздің жауын алатын есіктердің бағасы да қалтаға қонымды.  Мұнда дайындалған әр өнім сертификатталған. Яғни зауыт тауары мемлекеттік стандартқа және сапа менеджментіне сай деген сөз. Қазір еліміз үлкен әрі алып құрылыс алаңына айналып отыр. Сондықтан да зауыт өнімдеріне сұраныс та жоғары. «Өнімнің  көп бөлігі бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған Түркістан қаласына жөнелтілуде»-, дейді кәсіпорын басшылығы. Зауыт өнімі қала инфрақұрылымын дамытуға да септесуде.

shymkenttv.kz

899 қаралым