Шымкенттің бел ортасы саналатын Әль Фараби ауданындағы үйлердің біразы жөндеуді қажет етеді. Онда орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйдің 95 пайызы өткен ғасырда салынған нысандар. 2000-шы жылдан бері 28 жаңа үйдің ірге тасы қаланыпты. Күні бүгінге дейін 70 ке жуық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Қалған үйлерді жаңғырту жұмыстары келесі жылдың жоспарында бар.Ағымдағы жылы мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында 100 аулаға ойын алаңшалары орнатылған. Келесі жылы тағы 83 көпқабатты тұрғын үй алдына ойын, спорт алаңдарын соғу қажет. Әлфараби ауданына қарайтын шалғай елдімекендерде инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары назардан тыс қалмады. Соның ішінде Бадамдағы 195-ші орам, Сәуледегі 276-шы орамдарға 2020 шылы қажетті инфрақұрылым толық жеткізілмек
shymkenttv.kz