Жарияланды: 30.11.2019

Бағдарламалар белсенді насихатталуда

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жалғасуда. «Атаулы әлеуметтік көмектің» 2020 жылдың 3 қаңтарынан енгізілетін жаңа сипатын түсіндіру бойынша құрылған ақпараттық насихаттық жұмысшы топ өкілдері Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік секторынын маманы Журимбаева Саиида Исагалиевна, ААҮМККЕАҚ – ның Шымкент қаласы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Қаратау ауданының бас маманы Абсейітұлы Төрехан, Қаратау ауданы әкімі аппаратының әдіскері Қайратов Азамат Қаратау ауданы аумағында орналасқан №68, №116 мектептерінде мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатында шараларын жалғастыруда. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2020 жылдың 3 – қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің екі түрі жүзеге асырылатынын аудан тұрғындарына түсіндірді. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын да түсіндіріп өтті. Көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің арқасында бүгінде тірлігін түзеп, кәсіпкерлікті меңгеріп, көшін түзеп жатқандар көп.

 

1 006 қаралым