Жарияланды: 24.06.2018

Тәжірибелі маман сапаны көтереді

Түркістанның индустриалды аймағындағы жиһаз шығаратын фабрика шетелдік жиһаздардан бірде бір кем түспейтін өнім өндіруде. Еліміздегі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының жоғары деңгейде жүзеге асып жатқандығының бір көрінісі осы. Теңіз асып, тау басып әкелінген импорт тауардың құны аспандағы айға ақырып тұрары белгілі. Ал «Грандмикс» фабрикасының шетелдік жиһазды он орап алатындай тамаша бұйым шығаруда. Жыл сайын өтетін көрме жәрмеңкеде аталмыш фабриканың өнімдері көптің қызығушылығын тудырып келеді. Сол себептен де сатып аушылардың қатарын арттырып отыр. Жергілікті 100-ге тарта тұрғынды да жұмыспен қамтып отырған жайы бар. «Грандмикс» — Түркістандағы ірі кәсіпорынның бірі. Сапасы жоғары, әрі бағасы қолайлы жиһаз шығарады. Әу баста 4-5 адамның іскерлігімен үй жанынан ашылған цех бүгінде фабрика қуатында жұмыс істеп тұр. Тауар сапасының жоғары болуынан тапсырыс көп. Соның арқасында Қажетті құрал жабдықтар Ресей мен Польшадан әкелінеді. Қажетті кейбір майда құралдарды өздері осында жасап алады. Жиһаздың сапалы, көз тартар әсем болуы дизайнердің еңбегіне де байланысты екені айқын. Сол себептен кәсіпорын өзге де шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасып тұрады. Германиядан келген маман отандық шеберлерге жиһаз технологиясы мен сапасы жөнінде тәжірибеден өткізген болатын. Соның нәтижесінде өнімнің сапасы артып отыр. Бүгінде  фабрика 200-ге тарта жиһаз түрін шығарады. Жылына 350-400 миллион теңгенің өнімін өндіреді. Жұмсақ жиһаздардан бөлек, кеңсе жиһаздары ас үй жиһаздары шетелдік нарыққа жол тартпақ.

 

1 243 қаралым