Жарияланды: 02.12.2019

Туристер үшін тартымды орталық болады

Бүгінде алып шаһарды мегополиске айналдыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Миллион тұрғыны бар қалада бірнеше ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, солтүстік батыс бөлігінде «Шымкент-сити» қарқын алса, орталықтағы «ескі қала» орны абаттандырылып, қайта жаңғыртылады. 427 гектар жерді алып жатқан аумақта «Шымкент-сити» жобасы жүзеге асады. Мамандардың айтуынша, мұнда 56 мың азамат қоныстанады. Алдағы жеті жылда 7 мектеп, 21 балабақша мен 324 көпқабатты үй бой көтереді. Қазір 14 көпқабатты үй салынып біткен. Мектеп құрылысы жүруде. «Шымкент-сити» қалашығы 12 кварталдан тұрады. Әрқайсысында шағын және орта бизнес нысандары мен сауда-ойын-сауық орталықтары, емханалар, саябақтар, аллеялар мен демалыс орындары да салынады. Кіші деңгейдегі жобалау жоспарында 9 қабаттан 12-қабатқа дейінгі көпқабатты тұрғын үйлер бар. Бұл маң көгалдандыру, абаттандыру жағынан барлық қала тұрғындары мен туристер үшін тартымды орын болады.

937 қаралым