Жарияланды: 02.12.2019

Инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізіледі

Шымкентке туристерді көптеп тарту үшін теміржол вокзалы қайта қалпына келтіріліп, жаңадан тәулігіне 20 мың жолаушы өткізетін жаңа айналма теміржол вокзалы салынады, деп хабарлайды 24.кз. Ал әуежайда жеке инвестор есебінен жаңа терминал бой көтереді. Жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысы мен абаттандыру жұмыстары қала әкімдігі тарапынан жүргізілетін болады. Алда қауіпсіз әрі «ақылды» қалалар санатына кірмек. Шаһардағы қоғамдық көліктер жаңарып, жаңа жүйемен жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ цифрлық жүйе коммуналдық салаға да ендірілмек. Қарқынды дамып келе жатқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де жаман емес. Себебі аймақ экономикасы әртараптандырылған.

949 қаралым