Жарияланды: 02.12.2019

Орын тапшылығы жуық арада жойылады

Шымкентте бүгінде демографиялық дүмпу орын алуда. Еліміздегі әрбір төртінші баланың Шымкентте дүниеге келетінін ескерсек, бұл үлкен көрсеткіш. Өз кезегінде бұл балабақша, мектеп тапшылығын тудырып отыр. Мектеп бітіретін баладан гөрі, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер бірнеше есе көп. «Солтүстік-Батыс» шағынауданындағы №87 мектепте бүгінде 1 сынып табалдырығын аттаған балалар нормадан асық. Осы мектептің қарсы бетінде яғни, «Шұғыла» шағынауданында 1200 орындық мектеп салынуда. Бұл өз кезегінде екі шағынаудандағы орын тапшылығын жояды деген сенім бар. Шымкент қаласының әкімдігі бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес.

884 қаралым