Түркістан қаласында Х.А.Яссауи атты Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үрдістері: қазіргі ахуалы және болашағы» атты «Дөңгелек үстел» өткен болатын. Дөңгелек үстелде еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары сөз сөйледі. Орталық Азия елдерінің ТМД шеңберінде Өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Құрметті қонақтардың арасында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясының өкілі, қатысушы инвесторлармен жұмыс істеу бойынша басқарудың бас менеджері Гафур Меңлібеков, облыстағы индустриалды аймақтары туралы баяндама жасады. Бүгінгі күні өңіріміздегі индустриалдық аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы толық мәлімет берді. Облыста ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы да хабардар етті. Өңірімізде аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға өте қолайлы аймақ кендігін тілге тиек етті. Аталмыш бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың қаншалықты тиімді екендігінен де мағлұмат бере кетті. Сондай-ақ таяу уақыттарда пайдалануға берілуі тиіс жобалар жайлы да, болашақта іске асырылатын жобалар жайынан да құлаққағыс етті. Қатысушылар маңызды мәселерді талқылап, пікір алмасты. Барлық қатысушыларға және баяндамашыларға сертификаттар табыс етілді.
Жарияланды: 27.06.2018